Түркістанда 9 адамнан конго-қырым геморрагиялық қызбасы анықталды

10 Шілде 2023, 16:43 1037

Түркістан облысының 9 тұрғынынан конго-қырым геморрагиялық қызбасы анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері облыстың медициналық ұйымдарына кене шағумен 985 адам жүгінді. Бүгінгі таңда 48 пациент ККГЛ болуы мүмкін деген күдікке ілінді, 9 науқаста диагноз расталды. Сауран ауданында 2 жағдай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарында және Түркістан қаласында 1 жағдайдан, - деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз:

Белгілі болғандай, бір науқас босатылды. Жағдай тұрақты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: