23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жерасты цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша тіркеуге алынды.
Нәтижесінде полицейлер төрт ер азаматты анықтады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы - Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы бар. Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған.
Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақ заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған адамдар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады