Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыТүркістан облысының дәрігерлері 5 адамның бүйрегін алмастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 5 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.
Алғашқы ота мамыр айында жасалып, сәтті шыққан. Оған А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының басшысы, профессор Б.Баймаханов қатысты. Содан бүгінгі күнге дейін бес науқастың бүйрегі алмастырылды. Трансплантацияланған науқастар жазылып, қалыпты өмірлерін жалғастырып жатыр. Қазір бақылауда жатқан екі науқас бар, олар да жақын арада үйіне қайтады.
Соңғы кезде еліміздің медицина саласында қол жеткізген жетістіктер аз емес. Алдыңғы қатарлы озық технологиялардың арқасында жүрек, бүйрек алмастыру оталары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Ағза ауыстыруды қажет ететін науқастарды одан әрі іріктеу жұмыстары жүргізілуде, - деді облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Ж.Ділдабеков.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады