Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысында 1,5 жасар баланың қолын еттартқыш шайнап кетті. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бүлдіршінге шұғыл операция жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған. Жарақат алған ол Төлеби ауданынан ауыр жағдайда, травматикалық шокпен ауруханаға жеткізілген. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, жоғары білікті дәрігер-хирургтардың араласуымен алғашқы хирургиялық өңдеу мен шұғыл ота жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың өміріне төнген қауіп сейілді. Қазіргі таңда бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы – тұрақты, оң динамика байқалады. Емдеу шаралары жалғасуда.
Осы ретте ақ халаттылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкендердің басты міндеті екенін еске салады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек