2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркістан қаласында анасы ұялы телефон сатып алып бермегені үшін оқушы қыз үйінен кетіп қалған. Жасөспірім бір тәуліктен соң табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция басқармасына кешкі уақытта жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. 13 жасар жасөспірім қызды анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кіріскен.
Тәртіп сақшылары тәулік ішінде қыздың жүрген жерін анықтап, оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Жас қыз анасына ұялы телефон алып бермегені үшін ренжісіп, үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды. Жасөспірім аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге қала тұрғыны алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына профилактикалық әңгімелесу жүргізілді,-делінген облыстық ПД хабарламасында.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова