18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Мәжіліс депутат Ринат Зайытов Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруге қатысты заң жобасының нормаларын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасын талқылау барысында Түркістанның өз елтаңбасы болады дейді. Менің түсінігімде елтаңба біреу-ақ Қазақстанда! Әлде Түркістан басқа мемлекет болып бөлінейін деп жатыр ма? Осы жерін анықтап берсеңіз, – деді құжатты талқылау барысында Ринат Зайытов.
Ринат Зайытов сонымен бірге заң жобасындағы “ескерткіштерге озыңқы күтім” деген сөзін ұқпағанын айтты. “Тарихи, мәдени нысандардың киелігігін сақтау” деген сөзді де түсінбегенін жеткізді.
Киелілікті сақтау деген заң жобасының ерекше маңыздылығын атап өту үшін жасалған нәрсе деп ойлаймын. Түркістан киелі жер ғой. Сіз онымен дауласпайтын шығарсыз. Сол мағынада негізгі қағидат ретінде ала отырып, неге қалаға ерекше мәртебе беріп жатырмыз? Басты себебі – рухани өмірдегі орны ерекше. Заң жобасындағы сіз айтқан сөздерді тиісті синонимдермен өзгертуге болады, – деді вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр