Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерТүркістан қаласында жалпы аумағы 100 гектарға жуық заманауи үлгідегі жаңа ипподромның құрылысы жүріп жатыр. Заманауи кешен құрылысы 2026 жылдың қаңтар айына дейін аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі атап өткендей, ондағы бәйге жолының ұзындығы – 4 шақырымға жуық. Көпфункционалды кешен - 1 500 орындық ашық трибуна, 120 орындық жабық манеж, 100 жылқыға арналған қоралар мен жаттығу алаңдарымен қамтылатын болады. Ат спортын тамашалауға келген көрермендерге де қолайлы жағдай жасалмақ.
Нысан құрылысымен шаһар әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барып, жұмыс қарқынымен танысты. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, кешеннің уақытылы аяқталып, заманауи үлгіде, стандарттарға сай салынуын назарға алуды тапсырды.
Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?