Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Жасұлан Қаржаубайұлы Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев таныстырды.
Жасұлан Қаржаубайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылы криминалдық полиция саласынан бастап, Түркістан облысы Полиция департаментінде Криминалдық полиция басқармасында және Ордабасы ауданында басшылық қызметте болған.
2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Созақ ауданының полиция басшысы лауазымында абыройлы қызмет атқарған.
Еңбек жолында қылмыстардың азаюы мен жедел ашылуына өзіндік үлес қоса білген және мінсіз қызметі үшін ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, «Алғыс хаттармен» марапатталған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?