Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Түркістан полицейлері жоғалған 8 жастағы баланы тапты, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына түскі сағат 14:30 шамасында қала тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Әйелдің айтуынша, таңғы уақытта мектепке кеткен Рамазан есімді 8 жастағы ұлы үйіне қайта оралмаған. Түркістан ҚПБ ювеналдық полиция тобының қызметкері Медет Тұрсынбек хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажет деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, бес сағат ішінде бала екі шақырым жердегі балалар ойнайтын алаңнан табылды.
Осылайша жоғалған бала ата-анасына аман-сау күйінде тапсырылды. Тәртіп сақшысының анықтауынша, ойын баласы мектептен шығып, достарымен ойнап жүріп, үйден екі көше ары қарай кетіп қалған. Өз кезегінде баланың анасы полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді.
– Мен мектепке кеткен баламды жоғалтып алдым. Содан соң полиция қызметкерлеріне хабарластым. Полицейлер дер кезінде баламды тауып берді. Полицейлерге алғысым шексіз, – деп тұрғын жүрекжарды сөзін айтты.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд