23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысының тұрғындары нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындарының көлемі қатты өзгермеген, ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жарма өнімдеріне (8%), сондай-ақ, сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.
Аймақтар арасында жекелеген азық-түлік өнімдерінің тұтынылуын салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары ең көп тұтынған – 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда), ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысындағылар – 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарханынан жиі табуға болады – бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг, көкөністер бойынша Түркістан облысындағылар – 23,8 кг, жемістер алматылықтар арасында – 22,1 кг, ал тәттілер Ұлытау облысында – 14,4 кг көп тұтынылған.
Егер соңғы бес жылдағы деректерді алып қарайтын болсақ, ет пен балықты тұтыну көрсеткіші жыл сайын ІV тоқсанда, ал көкөністер мен жемістерді тұтыну ІІІ тоқсанда көбейетінін байқауға болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік