Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгінде Шардара су қоймасының толуы 77 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті өткен жылғы судың көлемімен салыстырсақ 41 пайызға артқанын көреміз. Қазіргі кезде су қоймасына 1176 м3/сек келіп, 1011 м3/сек су шығуда. Ал, Көксарай су реттегіші 16 пайызға толған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Жыл басында көктемгі тасқын суды қабылдау үшін су реттегіші бос болатын. Бүгінгі күнге қоймаға секундына 300 текше метр су жиналуда. Қызылорда облысына секундына 600 текше метр жіберіліп жатыр» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сырдария өзені бойында 97,5 шақырымды құрайтын су тасқынына қарсы қорғаныс дамбалары тұрғызылған. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы қалыпты жағдайда. Өткен жылы Шардара ауданы, Сүткент елді мекені тұсындағы қорғаныс дамбасы күрделі жөндеуден өткен. Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың тоспалары бекітіліп, топырақпен нығайтылған. Өзен бойындағы елдімекендерде орнатылған «Үлкен су» локалды құлақтандыру жүйесі дайындыққа келтірілген. Сондай-ақ, «Шардара» су қоймасына байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жоспары жасалған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары