23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданында болған қайғылы жағдайға көңіл айтты. Бұл туралы ҚР президенті көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Айта кетейік, Түркістан облысында болған өрт салдарынан 12 адам қаза тапты. Марқұмдардың 9-ы – балалар. От екі қабатты үйді шарпыған. Үш адам ес-түссіз күйде эвакуацияланды.
Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған, бір күн бұрын үй иелерінің шаңырағында бір іс-шара өткізілген екен.
Президент Үкіметке және облыс әкіміне жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетуді және трагедияның себебін анықтау үшін тергеу жүргізуді тапсырды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік