Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады.
Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар