Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының басшылығымен өткен жиында өңірде бағалы матаның өндіріс көлемін өсіру мақсатында жол картасы бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жол картасының негізігі бағыты – 2029 жылға дейін 10 мың гектар аумаққа тұт ағаштарын отырғызу. Тұт көшеті – облыстың табиғатына икемделген өсіруге қолайлы ағаш түрі. Сонымен қатар, 2029 жылға қарай 100 миллион тұт көшеті мен 500 мың жәшік жібек құртының ұрығын өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жібек жіп өндірісінің көлемін 2,8 мың тоннаға жеткізу көзделген, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, жібек жіптері – жібек құртынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Оны өндіру – облыс экономикасын әрі қарай дамытуға мол септігін тигізеді. Мамандардың пікірінше, жібек жібін өндіру – қажырлы еңбекті қажет ететіндіктен бағасы да қымбат.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары