Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды

18 Шілде 2023, 11:35 1081

Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған, - делінген мәліметте.

Күдіктілер қамауға алынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: