Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысы Сарыағаш ауданының ұстазы Дәуренбек Нұрқұлов оқушыларға арналған «Оян, қазақ» деп аталатын жобаны қолға алып, сайт ашқан. Жоба - мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, сайтта "Басты бет", "Жаңалықтар", "Kitap Fest", "E-кітап", "Аудио кітапхана", "Үздіктер тақтасы", "Жобаның авторы", "Кері байланыс" сынды айдарлары бар. Бүгінде сайтты 150-ден астам аудан оқушылары пайдалануда. Жобада 200-ден аса кітап қоры жинақталған.
Дәуренбек Сарыағаш ауданындағы №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оның сөзінше, жоба жастардың интеллектуалдық және рухани дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, оқушылар түрлі кітаптарды оқу арқылы талқылау және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік алады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар