Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысы Шардара ауданында үшем туған жас анаға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм ауылдық округіндегі Оңайовтардың отбасына барып, үшемдердің ата-анасына арнайы сый-сияпаттар мен қаржылай сертификат табыстады.
Айта кетсек, Шардара ауданында Аянат Ғазизқызы, Айқын Ғазизұлы, Айдын Ғазизұлы деген үшемдер дүниеге келген болатын. Сәбилердің анасы Асылзада Әбдіғаппарқызы Төлеген 2000 жылы 6 қарашада Жетісай қаласында туған. Әкесі Ғазиз Серікұлы Оңай 1995 жылы 29 қыркүйекте Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінде дүниеге келген. Отағасы бүгінгі таңда Жаушықұм мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді