23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысында полицейлер тұрғындардан 4 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарын сақтаудың екі фактісін анықтап, 4 келіден астам марихуана тәркіледі. Мәселен, полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданында Audi автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Тексеру кезінде көліктің салонынан есірткі заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты. Алынған заттың жалпы салмағы 3 келіден астам марихуана болып шықты. Сондай-ақ жедел уәкілдер Сайрам ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заты бар 4 полиэтилен орамасын тәркіледі.
Алынған есірткінің салмағы шамамен 1 келі марихуана екені расталды. Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер полицияға жеткізілді. Барлық мән-жай анықталады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік