23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістан облысында "Ішімдіксіз ауыл" бірегей жобасын іске асыру жалғасуда. Бұл жолы Мақтаарал ауданындағы тағы бір ауыл алкогольден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
250-ге жуық отбасы тұратын және 1600-ден астам тұрғыны бар Бірлік ауылдық округінің Табысты ауылында ауылдық билер мен ақсақалдардың бастамасымен алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Соңғы 4 жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев қылмысты азайтуға және құқықтық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан Табысты ауылының қоғам белсенділері мен ақсақалдарына Алғыс хаттар табыс етті. Осылайша ауданда ішімдіктен бас тартқан елдімекен саны 14-ке жетіп отыр.
Бұл бастама Қ.Пернебаев және Төрткүл ауылдары сияқты басқа ауылдардың тұрғындарына оң ықпал етіп, олар да акцияны қолдауға және жалғастыруға ниет білдірді.
Айта кетейік, "Ішімдіксіз ауыл" жобасы - бұл құқық бұзушылықтың алдын алу ғана емес, салауатты және қауіпсіз қоғамды қалыптастыруға жасалған қадам.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады