23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше Түркістан облысының Сауран және Созақ аудандарындағы ықтимал су тасқыны мен сел жағдайларының тәуекелдерін бағалау мақсатында құтқарушылар мен әкімдік өкілдері Қазавиақұтқару тікұшағында 21 су қоймасы мен таулы аумақты айналып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Экология, геология және табиғи ресурстар және көзбен шолып қарау министрлігі Су ресурстары комитетінің Сырдария бассейндік инспекциясының деректеріне сәйкес Сауран ауданының 8 су қоймасының және Созақ ауданының аумағындағы 13 су қоймасының жай-күйі жарамды деп бағаланады және оларда көлемнің шамамен 20-25 пайызы жинақталған. Қаратау бөктерінде қардың жинақталған қоры 4-6 см құрайды.
Жыл басынан бері барлығы 13 аэровизуалды ұшу жүргізілді. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны қаупі бар кезеңде су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарының жай-күйін және олардың жұмыс режимін тұрақты бақылауда ұстайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік