Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсТүркістан облысында санитарлық талаптарды сақтамаған мектептер бойынша 876 тұлғаға 271 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты басқармалар тарапынан ерекше тәртіп бойынша 824 мектеп тексерілген. Анықталған кемшіліктерге сәйкес 876 тұлғаға 271 672 785 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 105 заңды, 207 лауазымды және 290 жеке тұлға бар.
«Мектептер эпидемиялық мәні жоғары объектілер тізіміне кіргендіктен, жылына 1 рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тарапынан ерекше тәртіппен тексеріледі. Алайда, тексеру туралы хабардар болған мектеп әкімшілігі мектеп ғимаратының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуына қатаң назар аудармайтыны анықталды», - деді Асқар Ысқақов.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды