Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысында студент қыз Қызыл кітапқа енген "Грейг" қызғалдақтарын жұлғаны үшін басы дауға қалды. Бұл сәттің видеосын бойжеткен ТікТок желісінде жариялаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған фактіні полицейлер әлеуметтік әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған.
"Тексеру кезінде жойылып кету қаупі төнген “Грейг” қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жұлғаны анықталды. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасында жариялаған. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Барлық жағдайлар анықталуда" делінген полиция мәліметінде.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты тіркеп, іс-материалдарын сотқа жолдайтын болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары