6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды терген әйелді іздестіруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ордабасы ауданында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Сирек кездесетін гүлдерді жинауға заңмен тыйым салынған, қазір полиция әйелдің жеке басын анықтап жатыр.
Жексенбі күні әлеуметтік желіде Түркістан облысы Ордабасы ауданында әйел адамның гүлдерді заңсыз теріп жүргенінің видеосы тарады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерге қатысты мұндай әрекеттер үшін 3000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл (11 796 000 теңге) немесе қоғамдық не түзету жұмыстары түрінде жаза қарастырылған.
Айта кетейік, жабайы қызғалдақтар тұқым арқылы көбейеді, ал олардың тұқымы топырақта 4-тен 7 жылға дейін сақталады. Егер гүлдер жұлынса, тұқым жойылып кетеді.
Айта кету керек, қызғалдақтар Қызыл кітапқа енгізілген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі