Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысы Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік шаралары ерекше форматта өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жолғы тазалық шарасы «Қоқыс алып кел де, балмұздақ ал» атты плогинг акциясы аясында ұйымдастырылды. Экологиялық бастамаға балалар мен жастар ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып жатыр.
Ауқымды тазалық жұмыстарына қаладағы 30-ға жуық мекемеден 500-ге жуық қызметкер, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысқан. Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 50 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылды.
Қала тазалығына бағытталған бұл шаралар мұнымен тоқтамай, тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қала әкімдігі алдағы уақытта да осындай креативті әрі тиімді экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр,-деп атап өтті әкімдіктен.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді