Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары3 қаңтарда «112» қызметіне Төлеби ауданының Көксәйек ауылынан 7 шақырым жерде жолаушылары 7 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖ орнына келген құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Көліктегі 14 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, Көксәйек ауылындағы №16 өрт сөндіру бекетіне жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника, Түркістан облысы полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Сол күні құтқарушылар Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан 25 км жердегі аудандық маңызы бар «Шолаққорған-Түркістан» тас жолында 13 адам, оның ішінде 1 бала құтқарды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының ТЖД азаматтарға ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек