Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТүркістан облысында полиция берешегі бар 25 көлік иесін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық патрульдік полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" іс-шарасын өткізіп жатыр. Шараның мақсаты — жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы ретте батальон қызметкерлері жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын қоғамдық және жеңіл көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жол ережесі жазылған жадынама парақшаларын таратты.
Іс-шараның 1 тәулігінде көлік басқару кезінде телефон қолданған 47 жүргізуші анықталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаудың 75 дерегі тіркелді. Ал жаяу жүргіншінің жол жүрісі ережесін бұзуының 42 жайты бойынша шара көрілді. Жалпы 264 құқық бұзушылық анықталды. Айыптұраққа "Қорғау" бағдарламасымен 25 көлік қойылды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?