28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАрыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың қатарында City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University сынды АҚШ мемлекетінің жоғары оқу орындары бар. Сондай-ақ Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow секілді білім ордалары арыстық оқушы Ерасылды өз қатарларынан көргісі келеді.
Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуеті жоғары екенін көрсетіп, болашақ түлектерге үлкен жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы еңбектің, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың нәтижесі. Ерасылды осы керемет жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!, - дейді сынып жетекшісі Мақсат Темірхан.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?