6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында өңір әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысы республикада мақта өсіретін жалғыз аймақ екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 106 мың гектарға мақта егілді. Дегенмен, дәстүрлі әдісті қолданғандықтан оның өнімділігі де төмен болып отыр.
Енді заманауи суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды. Яғни, мақта өсіруден бастап жіп, мата және киім сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейін қамтылады. Түркістан қаласында мақтаны терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталды. Жалпы құны 147 млрд теңгені құрайды. Зауытта 4 000-нан астам жұмыс орны ашылады, – деді Дархан Сатыбалды.
Жалпы мақта кластерінде 226 млрд теңгені құрайтын 9 жобаны іске асырылмақ. Толық іске қосылғанда 40 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бюджетке миллиардтаған салық түседі. Мақта өнімділігі 3 есеге дейін артып, көрсеткіші гектарына 70 центнерге жетуге тиіс.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі