Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысында мемлекеттік қолдау арқылы қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Солардың бірі - Кентау қаласының тұрғыны Бақыт Ибраев, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көпбалалы әке биыл өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап, грант жеңіп алған. Оған ол шұжық дайындайтын қажетті құрылғыларды сатып алған.
Жаңа кәсіпті бастап, бүгінде алға өрлеп келе жатқанына қуанамын. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, ісімді дөңгелетуде үлкен септігі тиді. Сұраныс та артып келеді. Болашақта химиялық қоспалары жоқ, нағыз еттен жасалатын шұжықтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын,-дейді кәсіпкер.
Қала тұрғыны күніне 20-30 данаға дейін таза қара малдың етінен шұжық жасап шығаруда. Қазіргі таңда өнімін қала және қалаға қарасты ауыл дүкендеріне ұсынады.
Көпбалалы әке алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытуды жоспарлап отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары