30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысында Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ат спортының ардагері, КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай көкпардан республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Жарыс Туризм және спорт министрлігі бекіткен командалық көкпар ережесі бойынша өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен командалар жиналған. Атап айтқанда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы және Қазығұрт, Меркі аудандарының үздік шабандоздары бас жүлде үшін бақ сынауда.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық мәлихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Әбілхан Дауылбаевтың ағасы, Үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Әмірхан Дауылбаев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбеков қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарыс айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, қатысушылар екі топқа бөлініп ойнайды. Бұл бәсеке – ұлттық спортты дәріптеп, өскелең ұрпаққа көкпардың қадір-қасиетін танытуда маңызды рөл атқарып отыр. Шабандоздар жарысқа жоғары дайындықпен келгені байқалады.
Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, турнирдің алғашқы кездесуінде Түркістан облысының құрамасы Қазығұрт ауданының командасымен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында түркістандықтар 8:2 есебімен жеңіске жетті.
Дүбірлі дода жеңімпаздары 4 мамыр күні анықталады. Бас жүлдеге тігілген сыйақы көлемі – 5 миллион теңге. Екінші орын иегеріне – 3 миллион, үшінші орынға 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды