Түркістан облысында кене шаққан жасөспірім көз жұмды

11 Шілде 2023, 09:43 1472

Түркістан облысында кене шаққан 15 жасар жасөспірім конго-қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санитарлық дәрігерлердің сөзіне қарағанда, Сауран ауданының тұрғыны кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген

2023 жылдың басынан бері облыстың медициналық ұйымдарына кене шаққан 985 адам жүгінді. Өкінішке қарай, науқастың уақтылы медициналық көмекке жүгінбеуіне байланысты бір жасөспірім емдік шараларға қарамастан қайтыс болды, - деді Түркістан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ қазіргі уақытта 48 науқаста ауруға күдік бар, тағы 9-ында бұл диагноз расталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: