23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістан облысы Кентау қаласының 70 жылдық мерекесіне орай “Пай-пай, қазақтың келіндері-ай” атты келіндер сайысы өтті. Жарысқа қатысқан 10 келін қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушылар өзін таныстыру, өнерін көрсету, сұрақтарға жауап беру, қамыр жаю сындары бойынша бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жас келіндер арасында ежелден ұмыт болған ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға бағытталған.
Төрт кезеңді қамтыған сайыста Байылдыр ауылының келіні, С.Қожанов атындағы №9 мектебінің ұстазы Динара Оралова 1-орынды жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды №23 Ә.Бөкейханов атындағы мектебінің ұстазы Айгерім Әсет иеленсе, 3-орынғ Кентау көпсалалы колледжінің ұстазы Тоғжан Тінейбайға бұйырды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады