23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысында есірткі заттарын сақтауға қатысы бар зейнеткерге қатысты үкім шықты. Ер адам ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Естеріңізге сала кетейік,
“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстаған болатын. Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру шаралары барысында Келес ауданы ауылдарының бірінде Priora автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған пакетті тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы бір келіден асатын көкнәр болып шықты. Күдікті Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Егде жастағы ер адам бұл әрекетін мойындап, есірткіні өзі тұтыну үшін сақтағанын жеткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жинақталған іс құжаттары айыптау актісімен заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Нәтижесінде сот үкімімен сотталушыға 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік