Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Қазығұрт ауданында Қасиетті Рамазан айында жұмысшы мамандық иелеріне арнап дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз саласында еңбек етіп жүрген кіші техникалық қызметкерлерге, аула сыпырушыларға, көлік жүргізушілеріне, тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалдаушылар мен басқа да жұмысшы мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Көп жағдайда олардың күнделікті еңбегі мен маңыздылығы жиі назардан тыс қалып жатады, алайда бұл сала мамандарының қызметі аудан мен ауылдың күнделікті тіршілігі үшін өте маңызды.
Аудан басшысы Азизхан Исмаилов еңбек адамдарын Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, таңмен таласа тұрып, өңірдің тазалығына үлес қосып жүрген жандарға ерекше алғысын айтты. Сонымен қатар олардың еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, ауызашарға қатысушылар арасында әртүрлі сала қызметкерлері мен жұмысшы мамандықтардың иелері болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?