13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызНаурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында жалпыұлттық “Таза like” экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Акцияға облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды.
Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Смадияр Сабировтың айтуынша, мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қоса бермек.
Таза қала” акциясы аясында бүгін жалпы көлемі 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың ең маңызды көшелері ғана емес, қоғамдық орындар, аулалар мен ішкі орам жолдардың бойы, сондай-ақ шет аймақтардағы қоқыс шығару орындары тазартылды. Түркістан қаласының тазалығын сақтау — әкімдіктің басты назардағы мәселелерінің бірі, - деді бөлім басшысы.
Экологиялық бастама өңірдің табиғатын қорғауға ғана емес, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды