Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысы Жетісай ауданында жас жігіт азық-түлік дүкен кассасындағы бар ақшаны үптеп кеткен. Онымен қоймай күдікті азық-түлік, сондай-ақ шамамен 40 мың теңгенің өзге де тауарларын қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, түнгі сағат 03:00 шамасында белгісіз біреу оның дүкеніне кіріп, азық-түлікті, кассада тұрған 1 миллионнан астам ақшасы мен құны 394200 теңге болатын әртүрлі заттарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі - 1,5 миллионға жуық.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп, нәтижесінде жергілікті 30 жастағы жұмыссыз тұрғын бейнебақылау камерасы арқылы анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам мас халде болған. Ол жол бойында орналасқан дүкеннің пластик есігін күшпен ашып кірген. Содан бөтеннің мүлкін ұрлап, қажеттілік үшін бас пайдасына жаратып жіберген.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілу үстінде.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары