12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысында полиция бұрынғы соттылығынан нәтиже шығармай, 3 рет пәтер тонаған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ордабасы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне ұры түсіп, бағалы заттарын қолды қылған. Яғни алтын жүзік, күміс білезігі мен Samsung А16 телефонын жымқырып, жалпы құны жарты миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Аталған жайт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Ауданның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке жас жігіт ұсталды.
Тексеру барысында оның ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша 3 жылға сотты болып, 2024 жылы шартты түрде босап шыққаны анықталды. Күдіктінің бұдан бөлек екі пәтер ұрлығына қатысы бар болып шықты. Айғақты заттар толығымен алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер