Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар30 қазан мен 1 қараша аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы жүзеге асырылды.
Іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, блогерлер, мәдениет қайраткерлері, волонтерлер және ауыл жастары қатысты.
Жоба барысында шақырылған танымал тұлғалар мен сарапшылар жиналған жастарға еліміздің рухани және азаматтық құндылықтары, бай тарихи және мәдени мұрасы бойынша дәрістер өткізді.
Пленарлық отырыста іс-шара қонақтары бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтаудың, мемлекеттегі достық пен ұлттық бірлікті нығайтудың маңыздылығы туралы атап өтті. Сондай-ақ спикерлермен мемлекеттік тілді этносаралық қатынастар тілі ретінде дамыту, этносаралық коммуникация мен өзара іс-қимылдың қажеттілігі туралы мәселелер қозғалды, - делінген мәліметте.
Екінші бөлігінде жастар арасында мемлекеттің мәдениеті, дәстүрі мен тарихы бойынша білімдерін анықтайтын «Айқас» интеллектуалды ойыны өткізіліп, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығына, Гаухар ана және Арыстан баб мавзолейлеріне баруы ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан халқының бірлігін бейнелейтін «Шаңырақ» киіз үйін тікті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?