Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысы Қазығұрт ауданында банк менеджері 47 адамды сан соқтырған. 31 жастағы жігіт банк клиенттерінің құжаттарын пайдалану арқылы 21 млн теңгеге несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Аудандық полиция бөліміне бір топ тұрғын арызданған. Аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Жедел іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді.
Оқи отырыңыз:
Келтірілген шығын көлемі – 21 миллион теңге. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, делінген полиция мәліметінде.
Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында мәселемен алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсап үлгерген.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар