Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысының Келес ауданында бүлдіршіндер жаппай уланып, ауруханаға түсті. 2 мен 3 жас аралығындағы балалар балабақшада бірінен соң бірі құсып, бастары айналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауруханаға жеткізілген тәрбиеленушілердің 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөлімшесіне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Алдын ала болжамдар бойынша барлығы балабақшада таңғы асқа ботқа жеп, түскі асқа сорпа ішкен.
Қазір Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары мектепке дейінгі мекемедегі сол күнгі астан сынамалар алып, зертханалық тексеру жүргізіп жатыр. Осы жайт бойынша аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Бүгіннен бастап науқастардың жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне шығара бастадық. Қазіргі таңда ауруханада жатқаны, инфекцияда үш науқас жатыр. Қалған үш науқастың жағдайы бірқалыпты. Емін алып жатыр, - дейді Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бекарыс Асқарбекұлы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?