23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістан облысы Кентау қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында шаһардың 70 жылдығына орай «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әр шаңырақты берекесіне айналған әжелер байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау.
Сайысқа қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнер көрсетті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Айзада Сагинбекова әже атанса, ІІ орынды Үрзада Құралбаева әже, ІІІ орынды Орал Абишева әже иеленді. «Дәстүрімнің балқаймағы» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан әжелер арнайы номинациялармен, сыйлықтармен марапатталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады