Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыТүркістан облысының полицейлері “Қорғау” бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне “Қорғау – қауіпті жүргізуші” мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілді. Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты.
Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты. Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді