12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысында 40 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилкатикалық іс-шарасының 7 тәулігінде «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзған 602 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Оның ішінде облыс аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша барлығы 408 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 40 шетелдік елден шығарылды, ал 39 құқық бұзушы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.
Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берген Қазақстан Республикасының 157 азаматы мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 28 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 7 шетелдік анықталды.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі расталып, қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табатынын жеткізеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер