Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл суару кезеңінде Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 332,5 мың га егіс алқабын сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді. Филиал өңірдің 8170 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарттар жасасты. Егіс алқабына берілген судың негізгі көлемі «Достық» және «Қызылқұм» магистральдық каналдары арқылы жіберілген.
Суару маусымына дайындық аясында ұзындығы 560,96 шақырым болатын 265 арна механикалық тазартудан өтті.
Суару маусымында шаруалардан су тапшылығы жөнінде шағым түскен жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су қажетті көлемде берілді. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары субсидиялардың ұлғаюы туралы жаңалықты қуана қабыл алды. Биыл Түркістан облысының диханы Жамантай Бейсенбаев 10 гектар мақта алқабына тамшылатып суару жүйесін орнатты, - деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?