Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСу ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс тобы Түркістан облысында «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалымен келісілместен, ылғалды көп қажет ететін дақылдарға көшудің 203 дерегін анықтады. Барлық жағдайда диқандар мақтаның орнына күріш еккен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, Жетісай ауданында 66 шаруа қожалығы 1079 гектар жерге өсірілетін дақыл түрін өз бетінше ауыстырған. Ал Мақтаарал ауданында 137 шаруа қожалығы 1128 гектар алқапта дақылдарды өздігінен алмастырған.
10 маусымнан бастап суару суын пайдалану ережелері күшіне енді. Бұл ережелерге сәйкес, су жеткізушінің келісімінсіз ылғалды көп қажет ететін дақылдарға көшуге тыйым салынады. Қазіргі уақытта барлық заң бұзған шаруалар «Қазсушардың» Түркістан облысындағы филиалымен су жеткізу туралы қосымша келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдерде олар ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқарту шаралары туралы хабардар болғандарын және су тапшылығы туындауы мүмкін екенін білгендерін көрсеткен. Дегенмен олар күріш егу үшін өздеріне жауапкершілік алып, өңірдегі су ресурстары тапшылығы жағдайында күрішті суаруға қажетті көлемде судың берілмеуіне дайын болған, - деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.
Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда және Түркістан облыстарындағы «Қазсушар» филиалдарының директорларына, сондай-ақ Түркістан филиалының үш өндірістік бөлімшесінің басшыларына қатаң сөгіс жариялаған болатын. Бұған себеп – ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемінің ұлғаюы және күріш алқаптарын суару үшін заңсыз су алу деректері болды.
Биыл Түркістан облысында күріш егу жоспары 3,3 есе асып кеткен. Белгіленген 4000 гектар шектеудің орнына күріш 13 258 гектарға егілген.
Айта кетсек, күрішті өсіру көп көлемде су қажет етеді, бұл өз кезегінде өңірдегі су ресурстарына қосымша жүктеме түсіріп, заңсыз су алу қаупін арттырады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары