Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚайғылы жағдай Сайрам ауданында болған. Кешкісін жұмыстан қайтқан Дильмураны жігіті алып кеткен екен. Бірақ бойжеткен сол күйі үйіне жеткен жоқ. Қызын 6 сағат бойы шарқ ұрып іздеген ата-анасы мәйітті көрші ауылдан тапқан.
Ұзатамыз деп отырған қызын ақтық сапарға шығарып салған Ергіновтер отбасы үш күннен бері ес жия алмай жүр. 19 жастағы Дильмура 30 маусымда жұмыстан шығып, үйіне қайта оралмаған. Содан секем алған жақындары бойжеткенді 6 сағат бойы іздеп, денесін көрші ауылдағы үйден тауыпты.
Үйіне барсақ есік алдында жедел жәрдем көлігі тұр екен. Қызымызды буындырып өлтіріп, денесін көліктің ішіне кіргізген. Енді оны жоққа шығарып, газдан уланып қалған деп отыр. Қазір бірнеше сараптама жасатып жатырмыз. Жауабы бір аптадан соң шығады дейді, - деді марқұмның әкесі Данияр Құрбаналиев.
Жақындарының айтуынша, табылғанда бойжеткеннің үстіндегі киімнің жартысы болмаған. Ал мәйітті жуындыруға кіргендер Дильмураның бет-аузының сау-тамтығы жоқ дейді. Олардың айтуынша, қорлықтан қашқан қыз күдіктімен біршама уақыт бойы алысқан.
Қыз өзін қорғамақ болып, қарсыласқан. Кейін есін білмей қалған. Денесін машинаға кіргізіп, терезелерін жауып, кішкентай шланг салып, газ жіберген, - деді марқұмның туысы Малахат Құрбаналиева.
Бойжеткеннің өліміне күдікті деп танылған ер адам ұсталды. Ол Дильмурамен бір жыл бұрын сөз байласқан 19 жастағы жігіт. Екі жас биыл үйленуді де жоспарлаған екен. Бірақ бірі о дүниеге аттанып, екіншісі қамауға алынды.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Студент қыздың жұмбақ өлімі туралы күдіктінің жақындары пікір білдіруден бас тартты. Қара жамылған отбасы жігіттің ауқатты әулеттен шыққанын айтады.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс