Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысында 1,7 млн адам МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спикердің айтуынша, Түркістан облысы бойынша 2024 жылы денсаулық сақтау саласындағы Қор арқылы ТМККК мен МӘМС аясында келген бюджет көлемі– 235,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, МӘМС пакетіне - 117,7 млрд теңге, ТМККК пакетіне – 118,2 млрд теңге.
Жалпы өткен жылы облыс тұрғындарына 184 медициналық ұйым қызмет көрсетті. Оның 141-і жекеменшік мекеме. Бүгінде Түркістан облысы бойынша 1,7 млн тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Атап өтерлігі, МӘМС қаржысы есебінен стационарлық медициналық көмекке – 35,5 млрд теңге, консультативті–диагностикалық қызметтерге– 15 млрд теңге, жоғары технологиялық оталарға – 978,2 млн теңге, медициналық оңалтуға–7,6 млрд теңге, стоматологиялық қызметтерге – 4,8 млрд теңге, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 16,8 млрд теңге жұмсалған. Сондай-ақ, тұрғындар бейінді мамандардың күнделікті қабылдауы, түрлі анализдер мен КТ, МРТ сияқты диагностикалық қызметтерді алды. Мәселен, өткен жылы өңір халқы құны 2,5 млрд теңге тұратын 151 мың МРТ және КТ қызметін алған,- дейді Бақыт Исмаханбетов.
Облыста МӘМС есебінен жүйесінде сақтандырылған азаматтарға оталар тегін жасалады. Атап айтқанда, 4,2 млрд теңгеге 3 мыңнан астам кардиохирургиялық операция, 2,3 млрд теңгеге 1000-нан астам нейрохирургиялық ота, 419,8 млн теңгеге 1000-ға жуық лор бейіні бойынша ота мен электромагнитті есту аппараты орнатылған. Сонымен қатар, 235,6 млн теңгеге 100-ден астам тізе және шат буындарын ауыстыру отасын, 916,8 млн теңгеге 1000-нан астам тамыр және нейротамыр отасын, 80,4 млн теңгеге 16 рет бүйрек және бауыр трансплантациясы жасалды. Бір отаның құны шамамен 5-10 млн теңгені құрайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары