Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысында ұзындығы 15 шақырым болатын каналдың реконструкциясы басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Түркістан облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Мақтаарал ауданындағы К-17 каналында реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін ұзындығы 3,3 шақырым болатын бөлігін бетондау жоспарланған. Бүгінде каналдың түбі толық тазартылып, тығыздау және бетондау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.
К-17 каналының жалпы ұзындығы – 15 шақырым, өткізу қуаты – секундына 6,5 текше метр. Нысанды реконструкциялау су шығынын азайтып, егістік алқаптарын суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Жұмысқа арнайы техника тартылған. Түркістан облысындағы «Қазсушар» филиалы мердігер ұйымның жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауын қатаң бақылауда ұстап отыр», – деді «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалы директоры Қазыбек Бедебаев.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар