Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында полиция 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірді деген күдікпен ер адамды қамауға алды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде он үш жылдан кейін қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады.
Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында қолға түсірді. Күдікті қамауға алынды.
Анықталғандай, күдікті 2011 жылы мотоциклмен Жетісай қаласының тұрғынына яғни валюта айырбастаумен айналысқан ер азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтірген. Содан кейін қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, қашып кеткен.
Сол кезде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді және полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген. Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады, – делінген хабарламада.
Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?