Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТөтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.
Асқар Төлешев 1975 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы өрт сөндіру басшысының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, Ақтөбе қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, қазан айының басында Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының құтқарушыларынан министрге ақша жинау туралы ақпарат тараған еді. Министрлік аталмыш ақпараттың жалған екенін айтып, ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады